Головкиннің міндетті қарсыласы допинг дауына қатысты мәлімдеме жасады

Боксшы жазаға тартылды.

Орта салмақта WBC ұйымының "уақытша" чемпионы Джермалл Чарло (27-0, 21 КО) допинг дауына қатысты жағдайды түсіндірді. 

Мұның алдында ағайынды Чарлолар қазанда допинг-тестін тапсырмағаны хабарланған еді. 

Геннадий Головкин салмағында тағы допинг дауы туды





"Тест тапсырмау одан өтпей қалғанды білдірмейді. Бұл таңдалып жасалатын тест және тапсыратын күнді WBC бағдарламасы белгілейді. Келесі жекпе-жектің FOX-тағы жарнамалық науқанына қатысқандықтан қалада болмадық. Дерекке сену қажет. Қайталап айтайын, хейтерлер жек көру керек, олардың жұмысы сол", - деп жазыпты Чарло твиттер желісінде. 

Бұл жағдайға қатысты Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) ағайынды Чарлоларға айыппұл салды. Келесі жылдан бастап ұйым мұндай ереже бұзу үшін жазаны қатаңдатпақ. 

Айта кетейік, ағайынды Чарлолар 22 желтоқсан Нью-Йоркте белбеулерін қорғайды: Джермелл Тони Харрисонмен, ал Джермалл -  Вилли Монромен жұдырықтасады.


  0