Америкалықты нокаутпен жеңген Елеусінов әлемдік рейтингте көтерілді

Жекпе-жек алғашқы раундта аяқталды.

Жарытлай орта салмта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой Данияр Елеусінов (4-0, 2 КО) төртініші жеңісінен кейін өз дивизионында 39 сатыға көтерілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Елеусінов Бокстондағы бокс жекпе-жегінде жұдырықтасты. Бұл кештің басты оқиғасы Деметриус Андраде (25-0, 16 КО) мен намибиялық Уолтер Каутондоква (17-0, 16 КО) орта салмақта WBO белбеуі үшін күш сынасқан.  

Қазақстандықтың қарсыласы америкалық Мэтт Догерти (8-6-1, 4 КО) болды. Жекпе-жек алты раундқа есептелген еді, алайда, алғашқысында аяқталды

Техникалық нокаутпен жеңген Елеусінов BoxRec рейтингінде 224-ші орынға көтерілді. 

"Бостон - бокс меккесі". Елеусіновтың АҚШ-тағы жекпе-жек алды баспасөз мәслихатының видеосы

27 жастағы Елеусінов осымен АҚШ-та екінші рет жұдырықтасып отыр, тағы екі жекпе-жегі Ұлыбританияда өткен. Ал 30 жастағы Догерти алтыншы рет жеңілді, оның сегіз жеңісі (төртеуі нокаутпен) және бір рет тең түскен кездесуі бар.

Елеусінов келесі жекпе-жегін 30 қараша Монте-Карлода өткізеді. Қарсыласы әзірге белгісіз. 


  0