Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек қай күні өтетіні айтылды

Екінші жекпе-жекте мексикалық жеңіске жетті.

Қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (50-1-2, 34 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек келесі жылы мамырда өтуі мүмкін. Бұл туралы Абель Санчес BoxingScene.com басылымына берген сұхбатында айтты.

Кеше Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында Головкинде болған орта салмақтағы WBC, WBA (Super) және IBO белбеулері үшін қарымта жекпе-жек өтті. 12 раундтың қорытындысы бойынша Альварес ұпай санымен жеңіске жетті. Ал Головкин үшін бұл алғашқы жеңіліс. Жекпе-жек соңында қос боксшы да үшінші кездесуге дайын екендерін айтты. 

"Бизнес тұрғысынан "Канелоға" ғана емес, Головкинге де барлық мүмкіндіктерді қарастыру керек деген ойдамын. Стиль жағынан олар бір-біріне өте жақын деп ойлаймын. Эрик Гомес (Альварестің промоутері) төрешілер шешімі айтылғаннан кейін маған келіп: "Үшінші жекпе-жек керек. Тағы бір кездесу өткізуіміз қажет" деді. Мен: "Иә, мұны Томмен талықлайық" дедім. 5 мамыр бұл үшін тамаша күн деп ойлаймын. Меніңше, бұл жекпе-жек өтсе, 5 мамырда болады", - дейді Санчес. 

Сонымен бірге, бұл жекпе-жек Головкин үшін биыл соңғы болуы мүмкін. Қазақстандықтың бапкері Абель Санчес Головкинге демалыс бермек екенін айтады.


  0