Golden Boy компаниясындағы дереккөз Головкин-Альварес арасындағы екінші жекпе-жек туралы ресми қашан хабарланатынын айтты

Алғашқы жекпе-жекте жеңімпаз анықталған болған жоқ.

Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің командалары арасындағы қарымта кездесу бойынша келіссөздер аяталуға жақын, - деп хабарлайды ESPN Deportes.

Golden Boy Promotions компаниясындағы дереккөздің мәліметі бойынша, қарымта жекпе-жек туралы ресми хабар осы немесе келесі аптада айтылады. Тараптарға ұсақ-түйекті келісу ғана қалған.

Мұның алдында Fox Deportes екі команданың қарымта кездесу мерзімін белгілегенін хабарлаған. Басылым мәліметінше, Головкин-Альварес жекпе-жегі 5 мамырда Синко де Майода өтеді.

Дегенмен екінші жекпе-жектің өтетін орны әлі белгісіз. Бұл бокс кешін өткізуге Лас-Вегастағы T-Mobile Arena басты үміткер болып отыр.

Айта кетейік, Головкина - "Канело" жекпе-жегі T-Mobile аренасында көрермендердің жиналуы бойынша рекорд орнатқан. Daily Mail мәліметінше, бұл жекпе-жектен қазақстандық боксшы 25 миллион доллар, ал мексикалық 36 миллион доллар табыс көрген.


  0