Чавес "Канелоны" құлатып тастауы да мүмкін

Санчестің ойынша, бұл жекпе-жек "Канелоға" ауыр тиеді.

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес алда болатын Сауль "Канело" Альварес пен кіші Хулио Сезар Чавес арасындағы жекпе-жек туралы ой бөлісті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Санчестің ойынша, бұл жекпе-жек "Канелоға" ауыр тиеді, дегенмен, ол жас және қолының жылдамдығымен жеңіске жетеді. 

"Бұл Альварес үшін оңай жекпе-жек болмайды. Хулио оны біраз қорқытып, құлатып тастауы да мүмкін. Бір жерін ауыртып қою да ықтимал. Бірақ Альварес жас және қолының жылдамдығы бар, бұл жағдай Чавес үшін қиындық тудырары сөзсіз", - деп келтіреді Санчестің сөзін "Чемпионат" BoxingScene басылымына сілтеме жасап. 

"Канело" мен Чавес те Головкинге қарсылас болуы мүмкін екені айтылып жүр. Альварес 2016 жылы қазақстандық боксшымен кездесуі керек еді, алайда, ол WBC белбеуін жекпе-жексіз бере салған болатын. 

Ал Альварес пен Чавестің жекпе-жегі 6 мамырда Лас-Вегаста өтеді. 


  0