"Бұл жолда қарсыласты, өзмді де аямаймын!". Жеңілмеген қазақ боксшы чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасу жайлы

Келесі жекпе-жегінде ол Golden Boy боксшысымен кездесуі мүмкін.

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (13-0, 8 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында жаңа деңгейге көтерілетін уақыт келгенін айтады. 

Мұның алдында ісін Golden Boy промоутерлік коампаниясы жүргізетін багамалық боксшы Туреано Джонсон (21-2-1, 15 КО) келесі жекпе-жегін Нұрсұлтановқа қарсы өткізуі мүмкін екені хабарланған. 

Головкинмен жекпе-жектен бас тартқан Golden Boy боксшысы жеңілмеген қазақстандықпен жұдырықтаспақ

"Қазір Астанада, үйдемін. Кеше ғана ұшып келдім, туыстарым мен достарым күтіп алды. Бір аптадай дем аламын, сосын ақрындап жаттыға бастаймын. Келесі жекпе-жек уақыты белгіленгенде толыққанды жаттығуды бастаймыз. Әзірге команда жауабын күтіп отырмын. 

Туреано Джонсқа қатысты айтсам, әрине, онымен жұдырықтасуға дайынмын. Түсінгенім бойынша, келіссөз жүріп жатыр. Промоутерлеріміз келіссе, рингтегі басымдығымды дәлелдеу ғана қалады! Мықты боксшылармен ғана жұдырықтасатын уақыт келген сияқты. Басты мақсат - әлем чемпионы атану. Бұл жолда өзімді де, қарсыластарымды да аямаймын! Құдай бұйыртса, бұл күн де туады!", - дейді Мейірім. 

26 жастағы Нұрсұлтанов соңғы жекпе-жегінде мексикалық Кристиан Оливасты (16-6, 13 КО) төрешілер шешімімен жеңіп, WBC жүйесіндегі АҚШ чемпионы (USNBC) титулын иеленген.

Ал 35 жастағы Джонсон шілдеде ирландиялық Джейсон Куиллиді (16-1, 12 КО) нокаутқа түсіріп, NABF тұжырымынша Солтүстік Америка чемпионы белбеуін жеңіп алды.

"Аз уақытта шулатады". Амеркиалық сарапшы GGG-дің орнын басатын қазақ боксшыларды атады


  0