Головкинмен жекпе-жектен бас тартқан Golden Boy боксшысы жеңілмеген қазақстандықпен жұдырықтаспақ

Кездесу атақты Madison Square Garden аренасында өтеді.

Багамалық боксшы Туреано Джонсон (21-2-1, 15 КО) Tribune242.com порталына берген сұхбатында келесі жекпе-жегінде орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановпен (13-0, 8 КО) жұдырықтасуы мүмкін. 

Джонсон ісін жүргізетін Golden Boy компаниясы кездесуді 20 желтоқсан Нью-Йоркетегі Madison Square Garden аренасында өткізу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Промоутерлердің мақсаты - багамалықты чемпион титулына дейін жеткізу. 

"Дайынмын. Әлемнің үзідігі болғым келеді, сондықтан бұл мақсатыма апаратын келесі қадам болады", - заявил Джонсон.

Шілдеде өткен соңғы жекпе-жегінде 35 жастағы Джонсон ирландиялық Джейсон Куиллиді (16-1, 12 КО) нокаутпен жеңіп, NABF тұжырымынша Солтүстік Америка чемпионы белбеуін иеленген. Ал 26 жастағы Нұрсұлтанов мексикалық Кристиан Оливастан (16-6, 13 КО) басым болып, WBC жүйесіндегі АҚШ чемпионы (USNBC) титулын жеңіп алған.

Айта кетейік, 2016 жылы Джонсон IBF белбеуіне міндетті қарсылас атанып, қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жұдырықтасуға жақын еді. Алайда жарақат салдарынан жекпе-жекке шыға алмады. Оның орнына қазақстандық боксшы америкалық Доминик Уэйдпен (20-1, 14 КО) жұдырықтасып, екінші раундта нокаутқа түсірген.


  0