"Мықтылардан үйрену керек". Қазақстандық боксшы "Канеломен" спаррингтер видеосын көрсетті

Олбұрынғы әлем чемпионымен де жаттықты.

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Бобыржан Момынов (10-0, 8 КО) месикалық Сауль "Канело" Альварес (53-2-1, 36 КО) және америкалық Брэндон Риоспен спаррингтер өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Белгілі боксшылармен өткізген жаттығуларының видеосын Моминов Intagram желісінде жариялады.

"Ең мықты болу үшін, ауыр еңбек пен мықтылардан үйрену қажет. Ин шаа Аллах 2020 менің жылым болады!" - деп жазыпты қазақстандық.

Еске салайық, Моминов 2017 жылы Альвареске қазақстандық Геннадий Головкинге (40-1-1, 35 КО) қарсы бірінші жекпе-жекке дайындалуға көмектескен еді.



  0