"DAZN қалауы". Белгілі промоутер Головкин "Канеломен" басқа салмақта жұдырықтасатынын айтты

Ол трилогия уақытын да болжады.

Белгілі америкалық промоутер Лу ДиБелла қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) арасындағы жекпе-жек 2020 жылы мамырда өтеді деп пайымдады, - деп хабарлайды AllBoxing.ru.

Нүктесін қояды. "Канело" Альварес Головкинмен трилогия уақытын белгіледі

Головкиннің соңғы екі қарсыласының ісін ДиБелла жүргізетінін айта кетейік. 8 маусымда қазақстандық боксшы канадалық Стив Роллсты (19-1, 10 КО) нокаутқа түсірген, ал 5 қазанда IBF және IBO белбеулері үшін жекпе-жекте украиналық Сергей Деревянченконы (13-2, 10 КО) төрешілер шешімімен жеңді.

"Олар кімді таңдайтынын білмеймін, бірақ, DAZN Головкин болғанын қалайды. Тәуекел, болжамымды айтайын, "Канело" мамырда Головкинмен екінші орта салмақта жұдырықтасады", - дейді ДиБелла.

DAZN "Канело" мен Головкин арасындағы жекпе-жек уақытын таңдады


  0