Головкин P4P рейтингінің рекордын орнатқан

Қазақстандық қазір жетінші.

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) қазіргі боксшылар арасында The Ring журналының P4P рейтингінде ең ұзақ тұрақтаған, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ең мықты боксшылардың ондығына Головкин 249 апта бұрын кірген және қазір жетінші орында. Қазақстандық боксшы көрсеткішіне жартылай орта салмақта WBO чемпионы амеркиалық Теренс Кроуфорд (35-0, 26 КО) аз ғана жетпей тұр - 238 апта.

Бұл көрсеткіш бойынша үшінші орында жеңіл салмақта WBC, WBA (Super) және WBO чемпионы Василий Ломаченко (14-1, 10 КО). Украиналық бұл тізімге 180 апта бұрын кіріп, қазір екінші келеді.

Ковалевті нокаутқа түсірген "Канело" ең мықты боксшылар тізімінде бірінші


  0