"Канело" құрметіне ме?". WBC Альварес ұсталған допингті заңдастырды

Мексикада бұл зат мал шаруашылығында жаппай қолданылады.

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) WBC Clean Boxing бағдарламасына қатысатын спортшылар сараптамасындағы кленбутеролдың рұқсат етілген көрсеткіш деңгейін көтеретіні туралы жариялады, - деп хабарлайды allboxing.ru.

Енді допингке қарсы ережелерді бұзу бойынша шешім қабылдағанда WBC Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік (WADA) белгілеген деңгейді ұстанатын болады. Ал бұл VADA нормаларынан жұмсағырақ. 

Мұндай шешімді қабылдауда WBC Мексика (ұйымның штаб пәтері осында орналасқан) сияқты көптеген елдерде кленбутерол мал шаруашылығында жаппай қолданылады, сондықтан ет тағамдары арқылы спортшының ағзасына оңай түседі дегенді негізге алды.

Боксшыларды жазаламайтын кленбутерол деңгейі ластанған ет тұтынғандағы көлеммен тең болады, мұндай көлемдегі кленбутерол WBC есебіншше, спорттық көрсеткіштерді жақсартпайды екен. 


  0