Головкинмен көзбе-көз кездескен DAZN серіктесі алдағы жекпе-жекті талқылаған

Matchroom Boxing басшысы боксшының ісін жүргізетін промоутерлердің бірі.

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) Matchroom Boxing компаниясының басшысы Эдди Хирнмен кездесу өткзді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұның алдында Хирн Головкиннің 2020 жылға жоспарлары туралы айтып берген еді. 

"Титулды қорғаған соң, "Канеломен" жекпе-жек". Промоутер Головкиннің жоспарын ашып айтты

Боксшы мен промоутер көзбе-көз кездесіп, болашаққа жоспарларын талқылағанға ұқсайды.

"Бүгін кешке Чемпион Геннадий Головкинмен жақсы кездесу өткіздік, келесі жекпе-жекті жоспарлап жатырмыз", - деп жазыпты Хирн Instagram желісінде. 



  0