Әлімханұлың 24 жеңісі бар африкалық "Жазалаушымен" жекпе-жегі Қазақстанда тікелей көрсетіледі

Кездесу WBC титулы үшін өтеді.

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (7-0, 3 КО) WBC Continental Americas және WBO Global белбеуі үшін канадалық (тегі африкалық) Альберт Онолуносемен (24-2-1, 8 КО) жекпе-жегі Қазақстанда тікелей көрсетіледі, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Он раундты жекпе-жек АҚШ-тың Фресно қаласындағы Chukchansi Park арненасында өтетін бокс кешінің андеркартында өтеді. Кездесуді 10 қааша таңғысын "Хабар" арнасынан тамашалауға болады. Тікелей эфир 08:00-де басталады. 

17 тамыз Лос-Анджелесте өткен соңғы жекпе-жегінде Жәнібек бесінші раундта канадалық Стюарт МакЛелланды нокаутқа түсіріп, орта салмақта WBC Continental Americas және WBO Global белбеулерін қорғап қалған еді.


  0