"Аз уақытта шулатады". Амеркиалық сарапшы GGG-дің орнын басатын қазақ боксшыларды атады

Ол боксшылардың мықты қырларын айтты.

Белгілі америкалық Fightnews.com порталының журналисті әрі инсайдері Мигель Анхель Маравилл Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында бокста болашағы зор боксшыларды атап, оларды сипаттап берді. 

Оның сөзінше, алдағы бір-екі жылда олар отандасы Геннадий Головкиннің көлеңкесінен шығады. 

"Орта салмақта қазақстандық боксшылар көп. Қазір бәрі Головкиннің көлеңкесінен көрінбейді, бірақ, бір-екі жылда бәрі өзгереді. Маған Мейірім Нұрсұлтановтың өнер көрсетуі ұнайды. Соңғы жекпе-жектен бері қатты жақсарған. Өткірлігі мен соққы күшін арттырғаны тартымды етеді.

Жәнібек Әлімханұлы екеуі дивизиондағы болашағы үлкен боксшылар. Жәнібек қорғаныста жақсы, ал Мейірім шабуылда. Бадди МакГритпен жаттығу жаққаны білініп тұр. Біраз уақыттан кейін-ақ екеуі орта дивизионды шулатады", - дейді Маравилла.


  0