"Жұдырықтасады, не титулдан бас тартады". Сондерс "Канелоға" амал қалдырмайтынын меңзеді

Ол екі дивизион жоғары көтерілуге дайын.

Екінші орта салмақта WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс (28-0, 13 KO) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (53-1-1, 36 КО) жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Boxingscene.com.

Бұл жекпе-жек үшін Сондерс екі дивизион жоғары көтерілуге дайын. Дегенмен бұған дейін британиялыққа 9 қараша Лос-Анджелесте аргентиналық Марсело Эстебан Косерестен (28-0-1, 15 KO) белбеуін қорғау керек.  Бұл оның АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегі. 

"Маған "Канело" керек. Бәрі оны мықты деп қоймайды. Флойд Мейвезер оны жеңген жалғыз боксшы, ал мен екінші болатынымды білемін. Бұл ауыр сынақ, бірақ, екеуміздің жолымыз қиысарын білемін.

Жартылай ауыр салмаққа өтіп, міндетті қарсылас болуға дайынмын. Ол кезде Альварес менімен жұдырықтасуы керек болады немесе белбеуді босатады. Маған әділ шарттар қойыңыз, сонда мен оны жеңемін. Мен дайынмын, маған жақсы жекпе-жектер керек", - дейді Сондерс. 


  0