WBO президенті "Канело" титулдан бас тартады дегенге қатысты жауабын айтты

Мексикалық оны Ковалевті нокаутқа түсіріп иеленген.

Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) президенті Франциско Валькарсель РИА Новости порталына берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-2-1, 36 КО) жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуден бас тартуды жоспарлап отыр деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Бұл титулды "Канело" 2 қараша Лас-Вегаста өткен жекпе-жегінің 11-ші раундында ресейлік Сергей Ковалевті (34-4-1, 29 КО) нокаутқа түсіріп, иеленген еді. 

"Канело" Ковалевті нокаутпен жеңгеніне неге қуанбағанын айтты

Осыдан кейін мексикалық боксшы командасының өкілі Альварес WBO титулын бос қалдырады деген ақпарат пайда болған.

"Альварес жартылай ауыр салмақта WBO белбеуін сақтап қалғысы келеді", - деп жауап берді Валькарсель "Канело" белбеуден бас тартма ма деген сұраққа. 

"Канело" - Ковалев жекпе-жегі қойылым екені айтылды


  0