Ковалевтен көңілі қалған Абель Санчес "Канелоны" ең мықты боксшы деп атады

Ресейлік осы маманның қол астында жаттыққан.

Белгілі бапкер Абель Санчес мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) неге ең мықты боксшы екені түсідірді, - деп хабарлайды Badlefthook.com.

"Альварестің тізіміне қараңыз. Ол ешкім жұдырықтасқысы келмеген боксшылармен жекпе-жек өткізді. Бірақ менің ашуымды келтіретін не екенін білесіздер ме? Кейбір хейтерлердің Ковалевті бірден "сүмелек" қылып тастағаны. Менде көргенімнен көңілім қалды. Нақты айтқанда ресейліктің менің залымда үйренген және өзіне лайықты "Карашер" стилінен бас тартқаны. Неге олай еткендерін түсінбедім. Дегенмен Ковалев ешқашанда олар болған деп көрсеткісі келетін боксшы емес: ақылды, техникасы мен есебі мықты", - дейді Санчес.

Еске салайық, Ковалев бір кездері Санчестің қол астында жаттықан. Алайда ресейлік бұл бапкерден бас тартып, оны "бокс тәжірибесі жоқ, ісін үстірт қана білетін адам" деген еді. 


  0