Головкиннің бұрынғы спарринг серігі келесі жекпе-жегінде чемпиондық үш белбеуін қорғайды

Ол өзінің туған қаласында жұдырықтасады.

Бірінші орта салмақта WBA (Super), IBF және IBO чемпионы американец Джулиан Уильямс (27-1-1, 16 КО) келесі жекпе-жегін 18 қараша туған қаласы Филадельфияда өткізеді, - деп хабарлайды The Ring.

Liacouras Center аренасындағы бокс кешінің басты кездесуінде Уильямс 24 жастағы доминикандық Джейсон Росариомен (19-1-1, 13 КО) жұдырықтасады. 29 жастағы чемпион титулдарын алғаш рет қорғайды. 

Уильямс бұл белбеулерін 11 мамырда америкалық Джаррет Хердті (23-1, 16 КО) төрешілердің бір ауыздан шыққан шешімімен жеңіп, иеленген еді.

Айта кетейік, Уильямс BF және IBO белбеулеріне ие қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 34 КО) спарринг серіктерінің бірі болған. 2017 жылы ол қазақстандық боксшыға мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (53-1-2, 36 КО) қарсы жекпе-жекке дайындалуға көмектескен. 


  0