"Канело" - Ковалев жекпе-жегі қойылым екені айтылды

Бұл кездесу күмән тудырды.

Екінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Баду Джек мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен ресейлік Сергей Ковалев арасындағы WBO титулы үшін жекпе-жектен қандай әсерде болғанын айтты. Спортшының сөзін Boxing247.com порталы келтіріп отыр.

Бұл жекпе-жек 3 қараша Лас-Вегаста өткен болатын. 11 раундта қарсыласын нокаутқа түсірген Альварес төртінші дивизионда чемпиондық белбеу иеленді. 

Джек бұл кездесу шынайы өткеніне күмәнді.

"Альварес оң жағынан жақсы соққы жасады, сөйтіп жекпе-жекті тамаша аяқтады. Меніңше, жекпе-жек іш пыстырарлықтай болды, бірақ, екі боксшыға да құрмет білдіремін. "Канело" Ковалевті нокаутқа түсірді, дегенмен, маған Сергей бар күшін салмағандай көрінді. Ашу көрсеткен жоқ. Мұның бәрі бір қойылым болғандай әсер қалдырды.

Альваресті құрметтеймін. Өз жұмысын жасады. Ковалевті сындырып, нокаутқа түсірді. Мен есеп жүргізбедім, алайда, олар теңдей жұдырықтасқан сияқты", - дейді Джек. 


  0