"Айырмашылық тым үлкен". Сауль Альварес пен Ковалевтің алдағы жекпе-жекке гонорары жарияланды

Нұр-Сұлтан уақытымен бұл кездесу 3 қараша таңғысын өтеді.

Невада штатының атлетикалық комиссиясы (NSAC) орта салмақта WBC (Franchise) және WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) пен жартылай ауыр салмақта WBO белбеуін ие Сергей Ковалев (34-3-1, 29 КО) жекпе-жек үшін қанша гонорар алатынын жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Осылайша, мексикалық бұл кездесуі үшін 35 миллион доллар. Ал ресейлік үш миллион ғана алады екен. 

Еске салайық, Лас-Вегаста өтетін бұл жекпе-жекте ресейлікке тиесілі WBO титулы сарапқа салынады. Қазақстан астанасының уақытымен бокс кеші 3 қараша таңғысын болады. 


  0