"GGG әлсіреді деп ойламамайын". WBC чемпионы Головкин өзгеше жұдырықтаса бастағанын айтады

Ол Деревянченконың неге жеңілгенін түсіндірді.

Орта салмақта WBC чемпионы амеркиалық Джермалл Чарло (29-0, 21 КО) FightHub TV арнасына берген сұхбатында Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) арасындағы жекпе-жекке қатыфсты өз ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен тең болды дер едім. Деңгейлері жуық болды. Ал Головкин әлсіреп барады деп ойламаймын. Адамдар Коби Брайант туралы да солай айтады, бірақ, өткен жолы қалай жұдырықтасқанын көрдіңіздер ғой. Жасы келген кей жігіттер ақыл қосып, басқаша жұдырықтаса бастайды, уақыт өте олар қысымнан жақсы шығады. Стиль жекпе-жектің немен аяқталарын шешеді. Деревянченко қаттырақ ұруға тырысты, дегенмен, Головкинге қарсы өз жоспарын іске асыра алмады", - дейді Чарло. 


  0