"Бэнкстің кінәсі жоқ". Абель Санчес Головкиннің нашар жұдырықтасуындағы жалғыз қиындығын атады

GGG Деревянченконы нокаутқа түсіре алмады.

Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) бұрынғы бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшының украиналық Сергей Деревянченкоға (13-2, 10 КО) қарсы жекпе-жегі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Boxingscene.com.

Бұл кездесуден кейін Бэнкстың тарапына сын көп айтылды. Алайда Санчес әріптесіне кінә тақпады. 

"Тоғыз жыл бойы Головкин менің қол астымда жаттықты, ал енді бәрін басқаша жасауда. Мұнда Бэнкстің кінәсі жоқ, Геннадийге жаңа жаттығуларға үйрену үшін бейімделу уақыты жетпей жатыр.

Бэнкстың Головкинмен еңбегінің жемісі екі-үш жекпе-жектен кейін көрінеді. Головкиннің бір ғана қиындығы 37 жасқа келгені. Геннадийде бейімделуге уақыт өте аз", - дейді Санчес. 


  0