DAZN-ды тағы таңдандыра ма?. Менеджер Елеусіновтің келесі жекпе-жегінің мән-жайын айтты

Боксшы Лас-Вегаста алғаш рет жұдырықтасады.

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің (8-0, 4 КО) рингке оралатын уақыты белгілі болды. Жекпе-жектің мән-жайы туралы Vesti.kz тілшісіне қазақстандық боксшының менеджері Зия Алиев айтып берді. 

"20 желтоқсан. Лас-Вегаста Дэниэл Джейкобс және Хулио Сезар Чавестің бокс кешінде. Жекпе-жек он раундты болады. Қарсыластың есемін кейінірек айтамыз", - дейді менеджер. 

Бұл жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшының кәсіпқойдағы тоғызыншы кездесуі және Лас-Вегастағы алғашқысы болады. 28 жастағы Елеусінов кәсіпқой рингке 2018 жылы өтіп, барлық сегіз жекпе-жегінде жеңіске жеткен. Қыркүйектегі соңғы кездесуінде Данияр амеркиалық Решард Хиксті (12-1-1, 6 КО) нокаутпен жеңіп, DAZN өкілдерін таңдандырған еді. 

Мұның алдында қазақ боксшының промоутері Эдди Хирн 2020 жылға деген жоспарларымен бөліскен - Елеусінов келесі жылы чемпиондық титул үшін жұдырықтасуы мүмкін. 


  0