"Сағын сындыру орнына...". Тайсон мен Әлімханұлының бапкері Головкин шын мәнісінде қалай жұдырықтасқанын айтты

Қазақстандық тек нокаут сәтін көп іздеген.

Белгілі амеркиалық бапкер Джеймс Бадди МакГирт Worldboxingnews.net порталына берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) арасындағы жекпе-жек туралы ойын айтты.

"Барынша ашық болайын. Жекпе-жек кезінде үшінші қатарда, бұрынғы чемпиондар, нью-йорктік бокс мектебінің өкілдері қасында отырдым. Жалпы біз кездесудің бірінші бөлігін көрмедік. Сөйлеп отырып, алты раунд өткізіп алдық.  

Бірақ екінші жартысы тартысты болды. Меніңше, тең есеп әділ болатын еді. Нокдаун болмаса, Деревянченко жеңуі мүмкін еді деген пікірдемін. Головкин қарсыласын тым көп аңдыды, сағын сындыру орнына нокаут жасау үшін бәрін істеді. 

Қарымта керемет болады деген ойдамын. Бәрі Головкиннің стратегиясына байланысты. Оған Деревянченконың амалына қарсы тәсіл табу қажет, өйткені жекпе-жек басталысымен олар 13-ші раундты көрсете бастайды", - дейді маман. 


  0