Ресей чемпионынан жеңілді. Қазақстан боксшылары Қытайда қалай өнер көрсетіп жатыр

Уханьда Бүкіләлемдік әскери ойындар өтіп жатыр.

Қытайдың Ухань Бүкіләлемдік әскери ойындар өтіп жатыр. Бұл жарыстан шығып қалған қазақстандық боксшылар бар, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Осылайша, әлем чемпионатының жүлдегері Жайна Шекербекова алғашқы жекпе-жектен ары өте алмады. Ал ерлер арасында Нұрбол Қалжанов Ресей чемпионы Овик Оганесяннан жеңілді. Қалған боксшыларымыз сәтті өнер көрсетті. 

Ерлер

49 келіде Теміртас Жүсіпов (Қазақстан) - Киало Муквате Абеднего (Кения) - 5:0

52 келі Анвар Музаппаров (Қазақстан) - Мулинге Нзиоке Симон (Кения) - 5:0

56 келі Нұрбол Қалжанов (Қазақстан) - Овик Оганесян (Ресей) - 2:3

64 келі Дилмурат Мижитов (Қазақстан) - Кристиан Паласиос (Венесуэла) - 3:2

75 келі Тимур Нұрсейітов (Қазақстан) - Бартош Голембиевски (Польша) - 4:0

Әйелдер

51 келі Жайна Шекербекова (Қазақстан) - Чол Ми Пан (Солтүстік Корея) - 2:3

Еске салайық, Бүкіләлемдік әскери ойындардың шешуші жекпе-жектері 26 қазанда өтеді.


  0