"Әлсіреген соң ғана". Амеркиалық журналист "Канелоның" Головкиннен қашып жүргенін дәлелдеді

Мексикалық GGG-мен кездеспеу үшін чемпиондық белбеуді босатқан.

Boxingnews24.com журналист Дэн Эмброус белгілі америкалық спорт сарапшысы әрі комментатор Макс Келлерманның мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 KO) ешқашан қорықпайтын, нағыз боксшы деген сөзіне қатысты өз ойын айтты. 

Америкалық маман Андре Уордтың Головкин - "Канело" жекпе-жегіне ықпалын айтып берді

"Бокс жанкүйерлерінің көбі Клерманның "Канело" ешкімнен қорықпады деген сөзімен келіспейді. Головкинмен жұдырықтасу үшін оған үш жыл қажет болды. 32 жасында GGG "Канеломен" жұдырықтасқысы келді, алайда, мексикалық келіспеді. Альварес орта салмаққа өтіп, Мигель Коттомен жекпе-жектен кейін WBC белбеуін иеленген соң да Головкинмен кездесу өткізбеді. Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Головкинмен жекпе-жек ұйымдастырмақ болғанда, ол белбеуді босатып бере салды. Боксшылар арасындағы көптен күткен жекпе-жек қазақстандық 35 жасқа келгенде ғана болды. GGG Келл Брук пен Дэниэл Джейкобске қарсы әлсіз өнер көрсеткен соң", - деп жазыпты  Эмброус.



  0