Головкинді шеттеу тоқтатылады, ал Деревянченкоға рұқсат әлі берілмей отыр

Қазақстандықты жекпе-жектерден шеттеуі аяқталатын уақыт аталды.

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы атанған қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) жекпе-жектерден мерзімсіз шеттелуі тоқтатылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Нью-Йорк штатының Атлетикалық комиссиясы GGG-ге 4 қарашадан кейін рингке оралуға рұқсат берді.

Айта кетейік, жекпе-жектен кейінгі шеттеу боксшылар үшін қалыпты жағдай. Бастапқыда Головкин мен Деревянченко белгісіз уақытқа шеттелген болатын. Енді қазақстандыққа рингке оралу үшін нақты уақыт көрсетілсе, украиналық үшін бұл әлі де белгісіз қалып отыр.


  0