GGG-мен жұдырықтасу керек болған әлем чемпионы келесі жекпе-жегі туралы хабарлады

Головкин промоутері оның командасымен келіссөз өткізген.

Орта салмақта WBA "регуляр" белбеуіне ие жапониялық Риота Мурата титулын қорғайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Чемпион 23 желтоқсан Токиода канадалық Стивен Батлермен жұдырықтасады.

Еске салайық, мұның алдында Мурата орта салмақта IBF және IBO белбеулерін қайтарып алған қазақстандық Геннадий Головкиннің қарсыласы болуы мүмкін екені айтылған еді. 

GGG промоутері Том Леффлердің сөзінше, жапониялықпен титулдар біріктірілетін жекпе-жек туралы келіссөз жүрген. 



  0