"Канелоға" көрмеген жекпе-жек көрсетемін". Деревянченко Головкинмен қарымта өтпесе Альвареспен жұдырықтаспақ

Украиналық GGG-ден төрешілер шешімімен жеңілген.

Украиналық боксшы Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) қарымтаға лайықты деген ойда.

"Қарымта қалаймын және мұны бүкіл әлем де көргісі келеді деген ойдамын. Бұл Головкиннің көп жылдан бергі ең ауыр жекпе-жегі болды, егер адамдар бізді рингте қайтадан көргісі келсе, келесі жолы IBF чемпионы мен болатынынма сенімдімін. Меніңше жұртшылық бұл кездесуді тамашалығысы келеді, ал менің менеджерім Кит Коннолли және промоутер Лу Дибелла осыған қол жеткізуге тырысады. 

Головкинмен қарымта мүмкін болмаса, Ковалевпен жекпе-жегінен кейін "Канеломен" қуана жұдырықтасам. Онымен жекпе-жек өткізу керек болғанмын, кездесу өткізетін болсақ, мен оған орта салмақта көрмеген жекпе-жегін көрсетемін. Ал "Канеломен" шыға алмасам, Чарломен де жекпе-жекті қуана өткіземін және көреременге қызық сыйлайымн", - деп келтіреді боксшының өзін Boxingscene.com.


  0