Головкин мен "Канелоның" DAZN-мен үшінші жекпе-жек бойынша келісім егжей-тегжейі жарияланды

Мексикалық GGG-ді жеңіп, барлық белбеуін тартып алған.

DAZN стриминг қызметі орта салмақ көшбасшылары - мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) және қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) келісімшарт жасасу үшін жарты миллиард доллар жұмсаған.

Осылайша, платформа боксшылар қарсыластығына нүкте қоятын үшінші жекпе-жекке қол жеткізбек. Алайда DAZN биыл ештеңе істей алмады. Өйткені Альварес қыркүйектегі трилогиядан бас тартты.

Дегенмен компания вице-президенті Джо Марковски жанкүйерлер "Канело" мен Головкиннің үшінші жекпе-жегін көреді деп сендірді. Боксшылар келесі жылы кездесу өткізуі мүмкін.

GGG келісімшартында үшінші жекпе-жек міндетті түрде өтетіні жазылғаны мұны растай түседі. Айлайда бір қызығы Альваерестің (құны 365 миллион 11 жекпе-жекке жасалған) келісімінде мұндай ештеңе жоқ.


  0