Қазақстандық нокаутшы Головкин белбеуін тартып алған боксшының андеркартында жұдырықтасады

Боксшы екі аптада екі жекпе-жек өткізбек.

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (9-0, 8 КО) орта салмақта IBF ұйымының бұрынғы чемпионы канадалық Давид Лемьенің (40-4, 34 КО) андеркартында жұдырықтасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бокс кеші Монреальдағы Bell Centrе аренасында 7 желтоқсанда өтеді. Бұл жекпе-жек Лемье үшін екінші орта салмақта алғашқы болады. Канадалықтың қарсыласы екінші орта дивизионда WBO титулына бұрынғы үміткер украиналық Максим Бурсак (35-5-2, 16 КО).

21 жастағы Ахмедовтың қарсыласы әзірге белгісіз. Ал Boxrec ақпаратынша, қазақстандық WBC "жастар" чемпионы алдымен 25 қазан Квебекте жұдырықтаспақ. Бұл жекпе-жекте оның қарсыласы 31 жастағы мексикалық Джонни Наваррете (33-15-2, 15 KO).



  0