Головкиннен жеңілген Деревянченко есе қайтарудың амалын тапты

Украиналық GGG-ден төрешілер шешімімен жеңілді.

Орта салмақта әлем чемпиондығына үміткер болған уараиналық Сергей Деревянченко (13-2-0, 10 KO) мамырда мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (52-1-2, 35 KO) жұдырықтаспақ ниетте. Бұл туралы The Athletic шолушысы Майк Коппинджер украиналық боксшының менеджері Кит Коннолиге сілтеме жасап хабарлап отыр. 

5 қазан Нью-Йоркте Деревянченко қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) IBF және IBO белбеулері үшін жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңілген еді. 

Айта кетейік, Головкин де, Деревянченко да, Альвареспен жұдырықтасуды қалайтынын жасырмайды. Алайда Коннолли украиналық боксшы жеңілгеніне қарамастан, мексикалықпен жекпе-жек өткізу мүмкіндігі мол деген ойда. 

"Шынын айтайықшы. Сергей біледі, жанкүйерлер де оның мықтырақ көрініп, жеңімпаз ретінде титулды алу керек болғанын көрді. Ал бұл Головкинге қарағанда Альвареске Сергей ауыр сын болатынын білдіреді", - дейді Коннолли.

Мұның алдында "Канело" өзіне нағыз сын бола алатын боксшымен жұдырықтасқысы келітінін айтқан еді. 

"Нокаутқа түсіремін". Головкиннің жеңісінен кейін "Канело" үшінші жекпе-жек шартын атады


  0