Головкин әлем чемпионымен жекпе-жекке шығу бойынша келіссөз бастады

Жақында GGG екі титул иеленді.

Орта салмата IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшының ықтимал қарсыласын атады, - деп хабарлайды Boxingnews24.com.

Оның сөзінше, GGG WBA "регуляр" белбеуіне ие жапониялық Риото Муратамен жұдырықтасуы мүмкін. 

"Геннадий орта салмақта екі дүркін әлем чемпион. Енді ол чемпиондық сериясын жалғастыруға тырысады. Бірінші рет чемпион болғанда 12 рет сәтті қорғау өткізді. Екінші рет қаншалықты ұзақ болатынын көрекйік. Головкин үлкен жекпе-жектерге шығып, тамаша кездесулер өткізеді. Жапниялық Риото Муратамен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бұл халықаралық ірі оқиға болады", - дейді Леффлер. 


  0