Головкин салмағындағы әлем чемпионы қарсылассыз қалды

Ол өзге чемпионмен жұдырықтаспақ.

Орта салмақта WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраде (28-0, 17 KO) қарсыласыыз қалды.

ESPN мәліметінше, чемпионның міндетті қарсыласы канадалық Стивен Батлер (28-1-1, 24 KO) WBA "регуляр" белбеуіне ие жапониялық Риота Муратаның (15-2, 12 KO) командасы жасаған ұсынысты қабыл алған. Себеп - қомақты гонорар. Жекпе-жек Жапонияда өтеді деп жоспарланған. 

Айта кетейік, Андраде рингке 13 немесе 21 желтоқсанда шығады делінген еді. Ал енді америкалық боксшының промоутері Эдди Хирнге басқа қарсылас іздеуге тура келеді. Әлбетте WBO өзге міндетті қарсылас таңдамаса. 


  0