"Осыдан артық жұдырықтаса алмайды". Бапкер Головкиннің басындағы ауыр жағдай туралы

Қазақстандық төрешілер шешімімен жеңді.

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы болған Геннадий Головкиннің бапкері Джонатан Бэнкс қазақстандық боксшының украиналыұ Сергей Деревянченкоға қарсы өткізген жекпе-жегі туралы пікрі білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Кінә менен. Головкинге осындай қиын жағдайда бірдеңе істеу керегін түсіндіруім қажет. Не зейнетке шығу керек, я болмаса басқаша жұдырықтасу керек. Ол былай жұдырықтаса алмайды. Маған, менің боксшыларымның осыншама соққы алғаны ұнамайды. Осы кездесуде көрсеткен өнерінен артық жұдырықтаса алмайтынын білемін. Жауапкершілікті өз мойныма аламын.

Деревянченкомен жекпе-жек ұзаққа созылатынын айттым, себебі ол мықты жігіт. Сергей - жас боксшы. Ол қарқынды үдеріске дайын. Жекпе-жек басталысымен Головкинге жылдамдықты қосуды сұрадым, себебі ол өзінен жас боксшымен кездесті. Ол басымдыққа ие болып, өз дегеніне жету үшін қолдарымен жұмыс істеуі керек еді. Алайда Головикн бұрынғыша жұдырықтасты. Оны сериялармен жұмыс істеуді, басын қимылдатып, қолдарын қозғалтуды үйрету өте қиын", - деді Бэнкс.

Қос боксшының жекпе-жегі 6 қазанда Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында өтті. 12 раунд толық өтті, соның нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті Головкинге берген (114-113, 115-112, 115-112). Бірінші раундта украиналық боксшы нокдаунға түсіп қалған.

Осылайша қазақстандық боксшы орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанды. Айта кетейік, Головкин бұрындары да осы белбеулерді иеленген болатын.


  0