Головкин титулды жекпе-жегіндегі рингтен тыс дүниелерді көрсетті

GGG қарсыласын бірінші раундта нокдаунға түсірді.

Орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин ресми YouTube-каналында украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы өткізген жекпе-жекке арналған видеоны жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Роликте алаң сыртында не болғанын және жекпе-жектің үздік сәттері көрсетілген.



Қос боксшының жекпе-жегі 6 қазанда Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында өтті. 12 раунд толық өтті, соның нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті Головкинге берген (114-113, 115-112, 115-112). Бірінші раундта украиналық боксшы нокдаунға түсіп қалған.

Осылайша қазақстандық боксшы орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанды. Айта кетейік, Головкин бұрындары да осы белбеулерді иеленген болатын.


  0