"Жекпе-жектен кейін ауруханаға". Matchroom басшысы рингке сырқатпен шыққан Головкиннің жағдайын айтты

GGG рингке сырқаттанып шыққан еді.

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченкомен (13-2, 10 КО) IBF және IBO белбеулері үшін жекпе-жектен кейінгі жағдайы туралы айтып берді.

GGG сырқаттанып тұрып жекпе-жекке шыққан - промоутер

Мұның алдында промоутер Головкиннің рингке сырқаттанып шыққанын хабарлаған еді. алайда ол өзін нашар сезінетіні туралы ақпарат толық жасырылды. Рингтегі кездесуден кейін Головкин мен Деревянченко да ауруханаға жеткіліп, осының салдарынан жекпе-жектен соңғы баспасөз мәслихатына қатыса алмады.

"Осы қазір Головкинмен ауруханадан ықтық. Ол "құлан таза", - деп жазыпты Хирн твиттер желісінде.




  0