"Үлкен сый болар еді". Головкин МакГрегормен жұдырықтасу жайында

МакГрегор 2016 жылы мамырда кәсіби боксқа ауысқысы келген.

Геннадий Головкин украиналық боксшы Сергей Деревянченкомен болатын жекпе-жек алдында Dan Patrick Show-ға барып, ирландиялық UFC жұлдызы Конор МакГрегормен бокс ережесі бойынша жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Әрине! Бәрі қалайды! Жеңіл ақша ғой. Бірақ UFC - бөлек әңгіме. Егер мен UFC ережесі бойынша жүрсем, бұл - Конорға үлкен сыйлық болар еді. Ал егер Конор бокс ережесі бойынша жұдырықтасса, ол - мен үшін үлкен сый болар еді", - дейді Головкин.

Айта кетейік, МакГрегор 2016 жылы мамырда кәсіби бокста сынасқысы келетінін мәлімдеген. Бұл мәлімдемеден кейін салмақ санатына қарамайтын америкалық боксшы Флойд Мейвезер-кішімен жекпе-жек туралы сөз болған. 2017 жылы шілдеде бокшылар жекпе-жек туралы келіссөз үргізіп, тамызда жұдырықтасан. Нәтижесінде Мейвезер жеңіске жеткен.


  0