"Канело" кім сонша?". Қанат Ислам Альвареспен жұдырықтасу мүмкіндігі жайлы айтты

Қазақ боксшы Америкадағы мүмкіндігін бағалады.

Орта салмақта өнер көрсететін қазақ боксшы Қанат Ислам (26-0-0, 21 КО) намибиялық Уолтер Каутондоквамен (18-1, 17 КО) жекпе-жегіне арналған баспасөз мәслихаты кезінде мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Әркімнің өз жолы бар. Маған мүмкіндік берсе, мен де алатын едім. "Канело" кім? Ол да кәдімгі боксшы. Ол да қолы бар адам. "Канело" Мексикада рекорд жасады дейді. Бұл жекпе-жектердің видеосы бар ма? Ол АҚШ таза болып келді. Мен кез келген боксшымен жұдырықтасуға дайынмын, бірақ, онда менде мүмкіндік жоқ. Онда мексикалықтар көп, олар жекпе-жекке билеттер мен телетрансляцияны сатып алады. Қазақстандықтар өте аз. Сондықтан мен қаншалықты аты шыққан боксшы болғаныммен, АҚШ-та маған көрермен жоқ. Онымен жұдырықтасуға мүмкіндік болғанда, бәрі де басқаша болатын еді", - дейді Қанат Ислам. 

Айта кетейік, қазақстандық боксшының орта салмақтағы WBO International белбеуі үшін жекпе-жегі 26 қазан "Алматы Аренада" өтеді. 


  0