Головкиннің екі титул үшін кездесуі "Канелоның" ауыр салмақтағы жекпе-жегінен қиын болатыны мойындалды

Қазақстандық 5 қазан Нью-Йоркте жұдырықтасады.

Украиналық Сергей Деревянченконың (13-1, 10 КО) промоутері Лу ДиБелла алдағы жекпе-жекте қазақстандық Геннадий Головкинді (39-1-1, 35 КО) күтіп тұрған сын мексикалық Сауль "Канело" Альварестікінен (52-1-2, 35 КО) ауыр екенін мәлімдеді.

Головкин мен Деревянченко 5 қазанда Madison Square Garden аренасында жұдырықтасады. Боксшылар орта салмақтағы IBF және IBO титулдарын сарапқа салады. Ал 2 қарашада Альварес жартылай ауыр салмаққа көтеріліп, WBO белбеуі үшін ресейлік Сергей Ковалевпен (34-3-1, 29 КО) жекпе-жек өткізеді.

"ДиБелланың айтқанына қарағанда Головкинді Деревянченкомен кездесуде күтіп тұрған міндет, Альварестің Ковалевпен жекпе-жегіндегіден ауыр", - деп хабарлайды Fightful.com тілшісі Карлос Торо Головкин - Деревянченконың журналистерге арналған видеоконференциясынан. 




  0