Қазақстан жартылай финалға шыққан боксшылар санынан Өзбекстан, Ресей мен Кубадан асып түсті

Ресей мен Куба үштікке кірмеді.

Екатеринбургте өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына Қазақстан құрамасынан ең көп боксшы өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ширек финалға шыққан Қазақстанның жеті боксшысынан Қайрат Ералиев (57 келі) қана жарыс жолынан шығып қалды. Өзбекстандық Миразизбек Мирзахалиловпен жұдырықтасу кезінде 2017 жылғы әлем чемпионының қабағы жырылып кетті, осыдан жекпе-жек екінші раундта тоқтатылды. Ал төрешілер жеңісті өзбек боксшысына берді.

Осылайша, жартылай финалда Сәкен Бибосынов (52 келі), Абылайхан Жүсіпов (69), Тұрсынбай Кұлахмет (75), Бекзат Нұрдәулетов (81), Василий Левит (91) және Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден аса) кездесу өткізеді.

Екінші орында Өзбекстан. Бұл елден жартылай финалға барлық бес боксшы шықты: Шахобидин Зоиров (52), Миразизбек Мирзахалилов (57), Бобо-Усмон Батуров (69), Дилшодбек Рузметов (81) және Баходир Джалолов (91).

Бұл тізімде үшінші Англия, бұл елден жартылай финалға төрт боксшы өтті: Питер Макгрейл (57), Пэт Маккормак (69), Бенджамин Уиттакер (81) және Фрейзер Кларк (91 келіден жоғары).

Төртінші Ресей мен Куба, әлем біріншілігінің 1/2 финалына бұл екі елден үш боксшыдан шықты. 

Ресей: Андрей Замковой (69), Глеб Бакши (75) және Муслим Гаджимагомедов (91).

Куба: Энди Крус Гомес (63), Ласаро Альварес (57) және Хулио Сесар ла Крус (81).

Сонымен қатар, жартылай финалда келесідей елдердің боксшылары жұдырықтасады: Үндістан - Амит (52) және Маниш Каушик (63), Моңғолия - Эрдэнэбат Цэндбаатар (57), Армения - Ованес Бачков (63), АҚШ - Дэвис Кейшон (63), Филиппин - Эумир Марсьяль (75), Эквадор - Хулио Кастильо (91), Франция - Билал Бенама (52), Бразилия - Хеберт Да Консейсао Соуза (75), Болгария - Радослав Пантелеев (91) және Австралия - Хуни Юстис (91 келіден аса).


  0