Оскар Де Ла Хойя "Канелоның" нокаутпен жеңілуі мүмкін екенін айтады

Екі боксшы да карьерасында бір реттен жеңілген.

Жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалев (34-3-1, 29 КО) Сауль "Канело" Альваресті (52-1-2, 35 КО) жеңіп қана қоймай, нокаутқа да түсіруі мүмкін. LA Times басылмына берген сұхбатында мексикалық боксшының промоутері Оскар Де Ла Хойя осындай пікірі білдірді.

Оның сөзінше, Альварес пен Ковалев жекпе-жегі маңызы жағынан қазақстандық Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) үшінші жекпе-жектен асып түседі. 

"Басқаша болмайды!". Промоутер "Канело" - Головкин жекпе-жегі өтетін уақытты айтты

Трилогия биыл күзде өтуі мүмкін еді, алайда, Альварес одан бас тартып, осыдан кейін рингке оралуын мүлде шегеріп тастады. 



  0