Қазақстан құрамасының бір боксшысы 2019 жылғы әлем чемпионатынан шығып қалды

Ол кубалықтан жеңілді.

Қазақстандық Закир Сафиуллин Екатеринбургтегі әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшымыздың қарсыласы әлем чемпионы атағындағы кубалық Энди Гомес болды. Үш раунд қорытындысы бойынша есеп - 0:5.

Айта кетейік, 32 жастағы Сафиуллин 2015 және 2019 жылдары Азия чемпионатының күмісін иеленген, алайда, 2015 жылы әлем чемпионатында бірінші айналымда-ақ жеңілген еді.


  0