Қазақ боксшысы ӘЧ-де Олимпиаданың күміс жүлдегерін жеңді

Оның қарсыласы өткен чемпионатта жүлде иеленген.

Қазақстандық Сәкен Бибосынов 2019 жылғы бокстан әлем чемпионатының 1/4 финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

52 келіге дейінгі салмақтағы 1/8 финалда Бибосынов төрешілер шешімімен колумбиялық Юберхен Мартинесті жеңді. Қазақстандықтың қарсыласы - рейтингте үшінші, 2016 жылғы Олимпиаданың күміс және 2017 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Әлем чемпионатында Бибосынов жарыс жолын 14 қыркүйекте бастап, моңғолиялық Энхмандах Хархууды жеңген еді.


  0