Қанат Ислам WBO ТОП-10 рейтингіндегі боксшымен жұдырықтасады

Ол Деметриус Андраденің бұрынғы қарсыласы.

Қазақстандық кәсіпқой Қанат Исламның (26-0, 21 KO) келесі қарсыластың есімі белгілі болды, - деп хабарлайды Qazaq Promotions. 

Жекпе-жек 26 қазан Алматыдағы бокс кешінде Қанат Ислам қазақстандық боксшы Уолтер Каутондоквамен (18-1, 17 КО) жұдырықтасады. 34 жастағы намибиялық кәсіпқой WBO рейтигінде ТОП-10 боксшының тізімінде. Ал 2018 жылы Каутондоква орта салмақта WBO чемпионы Деметриус Андрадемен (26-0, 17КО) жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңілген.



Бұл жекпе-жекте Қанат Исламға тиесілі бірінші орта салмақтағы WBO International титулы сарапқа салынады.

Уолтер Каутондоква соңғы рет мамырда малавилік боксшы Симон Тшетаны нокаутпен жеңген.

Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін 5 шілдеде өткізді. Алматыда өткен бокс кешінде ол доминиканалық Хулио де Хесусты 14 секундта нокаутқа түсірген болатын.



  0