Ковалев жекпе-жек алды Головкин лагерінде "Канеломен" қалай танысқанын есіне алды

Боксшылар қарашада жұдырықтасады.

Жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалев (34-3-1, 29 КО) келесі қарсыласы орта дивизионда WBC (Franchise) және WBA (Super) титулдарына ие мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (52-1-2, 35 КО) таныстығы туралы айтты.

"Сонау 2012 жылы Big Bear Lake таулы қалашығындағы лагерьде Сауль Альвареспен танысқанмын. 

Ол кезде онымен бір рингке қарсыластар ретінде шығамыз деп кім ойлаған, оның үстіне мега жекпе-жекке.

Қызық жағдай. Енді не боларын көрейік. Ұлылық немесе қайтадан теңдессіз тәжірибе", - деп жазыпты Ковалев Facebook желісінде. 



"Канело" - Ковалев жекпе-жегі 2 қараша Лас-Вегаста өтеді. Бұл кездесуде ресейлікке тиесілі WBO титулы сарапқа салынады.


  0