Әлем чемпионаты 1/8 финалындағы қазақ боксшыларының жекпе-жектеріне тікелей трансляция

Әлем біріншілігі Ресейде өтіп жатыр.

Бүгін, 16 қыркүйек Екатеринбургте бокстан әлем чемпионатының сегізінші күн немесе 1/8 финал жекпе-жектері өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан астанасының уақытымен 16:00-де басталатын күндізгі сессияда А рингіне шығатын сегізінші жұпта Абылайхан Жүсіпов (69 келі) жұдырықтасады. Қазақстандықтың қарсыласы Таиланд боксшысы Вуттичай Масук. Жекпе-жектің басталуы шашамен 17:45.

20:00-де басталатын кешкі сессияда B рингіне шығатын бірінші жұпта Тұрсынбай Құлахмет (75 келі) америкалық Хавьер Мартинеспен жұдырықтасады.

Еске салайық,1/8 финалда Қазақстанн атынан сегіз салмақта боксшылар өнер көрсетеді. Жүсіпов турнирдегі алғашқы жекпе-жегін өткізсе, Кұлахмет екінші рет жұдырықтасады. 1/16 финалда ол чехиялық Милош Бартлды жеңген, тіпті екінші раундта нокдаунға да түсірді.





  0