Сарапшы Головкин - Деревянченко жекпе-жегінде нокауттың қай раундта болатынын айтты

Ол кімнің жеңетінін де анық айтты.

Белгілі Boxingscene.com порталының сарапшысы Стивен Эдвардс қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) арасындағы жекпе-жекке қатысты ойын айтты.

Боксшылар 5 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында орта салмақтағы IBF титулы үшін жұдырықтасады.

"Мұндай деңгейдегі қарсыласты Головкин оңай жеңеді деген ойдамын. Оның соққы күші, жеңістер тізімі мұны анық көрсетіп тұр. 

Сергей маған ұнайды. Ол шынымен жақсы боксшы. Бірақ ол "Канело" мен Джейкобстей жылдам деп ойламаймын. Бұл стильдер мәселесі, ал ұсақ-түйек кей жағдайда шешуші болуы мүмкін. 

Деревянченконың бапкері Андре Розье Головкинді жақсы біледі, сондықтан жекпе-жек ауыр өтеді. Дегенмен GGG-де басымдық бар. Деревянченко қанша мықты болғанымен, өкпесінің ашылуы қиын. Бұл Джейкобспен жекпе-жекте байқалды. Ал Головкинге қарсы тіптен қиналады. Деревянченко "Канело" сияқты қорғана алмайды, өткені уақыт өте шаршайды. Меніңше, Головкин соңғы раундтарда нокаутпен жеңепді", - дейді сарапшы.


  0