Қазақстандық боксшы бірінші жеңісінен кейін әлем чемпионы атану міндеті жайлы мәлімдеді

Ол өзінің жекпе-жегіне баға берді.

Қазақстан құрамасының боксшысы Закир Сафиуллин РИА Новости порталына берген сұхбатында Екатеринбургтегі әлем чемпионатын сәтті бастауына қатысты ойын айтты.

63 келіге дейінгі салмақта Сафиуллин төрешілер шешімімен әзірбайжандық Бахтияр Газибаевті жеңді.

"Турнирдің бірінші жекпе-жегі әрдайым ауыр. Қарсыласымның қимыл-қозғалысын жақсы сездім, оны өзімнің жұдырықтасу ырғағыма мәжбүрлегім келді. Бәрі сәті шыққандай. Бұрын онымен кездесу өткізген емеспін, бұл мен үшін жаңа салмақ, 60 келіден көтерілдім, ал ол 64 келіде жұдырықтасқан. 

Жекпе-жек жақсы жүрді, негізінен өкпемді ашқым келді. Сондықтан бар мүмкіндігімді көрсетпедім. Оңай жеңетінімді сездім, сондықтан жай ғана қолымды лақтырып жүрдім. Алдағы міндет біреу - тек бірінші орын, соған ұмтыламын", - дейді Сафиуллин.

Айта кетейік, 32 жастағы Сафиуллин 2015 және 2019 жылдары Азия чемпионатының күмісін иеленген, алайда, 2015 жылы әлем чемпионатында бірінші айналымда-ақ жеңілген еді. Екатеринбургтегі келесі жекпе-жегін ол 14 қыркүйекет өткізеді.



  0