"Канелоның" промоутері Головкинмен жекпе-жектің шартын айтты

Мексикалық трилогиядан биыл бас тартқан еді.

Орта салмақта WBC (Franchise) және WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (52-1-2, 35 КО) промоутері Оскар Де Ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) үшінші жекпе-жектің шартын атады.

Трилогия биыл күзде өтуі мүмкін еді, алайда, Альварес одан бас тартып, осыдан кейін рингке оралуын мүлде шегеріп тастады.

"Головкинге "Канеломен" жұдырықтасу құқы үшін қайта тер төгу керек. Саульде қазір онсыз да ұсыныс жетерлік, сондақтан GGG қажетті баспалдақтармен жоғарлау қажет. Егер солай етсе, "Канело" - GGG трилогиясы міндетті түрде боларына сенімдімін", - деп келтіреді Де Ла Хойяның сөзін Sports.ru порталы Boxingscene.com сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, үшінші жекпе-жектен бас тартпай тұрған кезде Альварес пен Де Ла Хойя трилогияны қаласа, Головкин әлем чемпионы болу керек деп талап еткен.


  0